БҰҰ: 2022 жылдың аяғына дейін бүкіл әлем вакцина алуы керек

3925
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ Бас Ассамблеясының 76 -шы сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 2022 жылдың соңына дейін бүкіл әлем коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынына үміттенетінін айтты және барлық елдерді осы мақсатқа жету үшін бірігуге шақырды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "zakon.kz-ке" сілтеме жасап.

"Мен өз күшімді пайдаланып, барлығын біріктіргім келеді. Менің міндетім  — 2022 жылдың соңына қарай бүкіл әлем халқының вакцинациялауды ойдағыдай жүзеге асыруын қамтамасыз ету", — деді Шахид.

Ол Бас Ассамблея 193 елден тұратынын және GA High Level апталығындағы пікірталас кезінде шыққан сигналдар оңтайлы болғанын, Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Қытай, тағы басқа вакцина шығаратын елдер қолдау білдіргенін жеткізді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер