Эквадордың Гуаякиль қаласындағы Литорал түрмесінде сотталғандар мен полицияның арасында қақтығыс орын алып, 116 адам қаза тапты.
Топ болып төбелесудің басы түрмедегі бандалық топтардың ықпалды жетекшілерінің тарапнан туындаған. Ресми ақпарат көздерінің келтірген мәліметтеріне қарағанда, түрмедегі төбелестен 116 адам қаза тапқан. Бұл төбелес жалпы түрме тарихында орын алған адам өлімі бойынша рекордтық көрсеткішті көрсетуде деп хабарлап жатыр.
Түрмедегі төбелестің кезінде түрме басшылығы қамалған бандалық топтардың 5 адамын жеке оқшауламай, олардың тарапынан туындайтын қауіпті ескермеген дейді, ақпарат көздері. Эквадордың Литорал түрмесіне көп жағдайда мексикалық наркобандалардың қамалады екен. Бұл түрме тек Эквадорда ғана емес, дүние жүзіндегі ең қауіпті түрмелердің қатарына жатады.
Полиция басқармасының басшысы Фаусто Буэнаньоның айтуынша, түрмедегі қамалған бандалық топтардың қолында гранаталар да болған. Бұл қақтығысты тоқтату үшін мемлекет 400-дей полиция қызметкерлерін жұмылдырған.
«Адырна» ұлттық порталы