Талғарда изолятордан күдікті қашып кетті

1469
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Талғарда изолятордан зорлау бабы бойынша күдікке ілінген азамат қашып кеткен. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна” ұлттық порталы.

Алматы облысының полиция департаменті мәлімдегендей, Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау күдігі бойынша ұсталған азамат К. қашып кеткен.

"Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен ұсталған азамат қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі маршруттарда блок-бекеттер қойылды, және барлық күш пен құралдар қашып кеткен адамды іздеуге және ұстауға бағытталды", – деп хабарлады полиция.

Қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер