Роналду жанармай бекетінде 7 сағат бойы кезекте тұрып қалды

3558
Adyrna.kz Telegram

«Манчестер Юнайтед»-тің 36 жастағы жұлдызды футболшысы  Криштиану Роналду Ұлыбританияның Уилмслоу қаласындғы Shell деп аталатын жанармай бекетінде бензиннің тапшылығынан 7 сағат бойы кезекте көпшілікпен бірге тұрып қалды.

Жанармай бекетіндегі кептеліс пен қарбаластың соңы сәтсіз аяқталып, Криштиану Роналду Bentley Flying Spur  көлігіне бензин құя алмай, кері қайтты. Оның жанында күзетшісі да Range Rover көлігімен бірге жүрген.

Бұл көріністі көзбен көргендер атақты футболшыны тездетіп камерамен суретке түсіріп, ғаламторға, әлеуметтік желілерге таратып жіберді. Көзбен көргендердің айтуынша, Криштиану Роналду Bentley Flying Spur көлігін өзі жүргізіп, жанармай бекетіне келіпті. Bentley Flying Spur көлігінің қазіргі нарықтағы бағасы 3 миллион доллардан асады.

Ұлыбританиядағы жанармай бекеттеріндегі жанармай тапшылығынан қазіргі уақытта тек қана қарапайым тұрғындар емес, белгілі адамдар да қиыншылық көріп жатыр деп хабарлады The Sun ақпараттық порталы.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер