Ұлттық құрамадағы боксшы қыздарды бапкерлер “лесби” қылуда - Аида САТЫБАЛДИНОВА

8635
Adyrna.kz Telegram

Боксшы Аида Сатыбалдинова Қазақстан әйелдер құрамасында қыздар дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынаста болып жүргендерін жасырмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Аида Сатыбалдинова өз Instagram желісінде видео-үндеу жасап, ұлттық құрама сапындағы боксшы қыздардың дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынасты ұстанатынын жайып салды. Бұл сұмдықты бапкерлердің өздері шәкірт миына саналы түрде үйретіп жатқанын тілге тиек етті.

«Бапкерлер де, басшылар да мұның бәрін біледі. Бірақ, бәріне көз жұма қарайды», деген Аида Сатыбалдинова әйелдер құрамасындағы жағдайды түсіндірді.

Аиданың айтуынша, әр бапкердің қалауы шәкіртің Олимпиада ойындарының жеңімпазы атандыру. Алайда, қыздардың өмірі өзгеріп кетуі 1-ақ минут. “Тұрмысқа шығамын немесе аяғым ауыр” деп боксты тастап кетеді. Сол себепті бапкерлер осындай амалдарды қолданып жатыр.

«Бұл бапкерлер үшін тиімді емес. Қанша жыл шәкірті үшін барын салады, ал олар боксты тастап кете барады. Сол үшін боксшы қыздарды спортта ұстап қалу үшін, жаттығу кезінде, жарыс кезінде бір-бірін жақсы көріп қалуы үшін барынша ынталандырады, соның жолын қарастырады.

Әрине, әркімнің жеке өмірі бар. Кімді сүйсе де, әркім өзі біледі. Бірақ, мен мұндайды өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде сіңіруге қарсымын. Бірақ осылай болып жатыр. Меніңше, бұған ең алдымен бапкерлер кінәлі. Олар шәкірттеріне дұрыс идеология жүргізуі керек. Бірақ олар бас пайдасы үшін осындай әрекетке барып отыр. Оларды қыздардың болашағы, алдағы тағдыры алаңдатып отырған жоқ», - дейді боксшы.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер