Қазақтың Тәуелсіздігін көзге ілмей ме?

2596
Adyrna.kz Telegram
2018 жылдың 15 қаңтар күні, сағат 12.00-де Жанар Жахат (Zhanar Zhahat) Фейсбук парақшасында Қарағанды облысының орыс тіліндегі бас газеті «Инудстриальная Караганда» маңдайшасындағы мұқабадан орақ пен балғаны қайшылаған «СССР» белгілі «Еңбек қызыл ту» орденінің баттиып тұрғанын жазған екен. «Қазақтың өз гербі қайда? Біздің Шығыс Қазақстанның өзінде мұндайға жол берілмес еді?» дейді ол.  

Бұл газет 1931 жылы 11 қыркүйекте ең алғаш жарық көріпті. Бұл уақыт қала іргесіндегі солтүстіктен оңтүстікке 300 шақырым, батыстан шығысқа 200 шақырым аумақта тұрған елді ата-мекенінен қуып шығып, атышулы КарЛаг еңбекпен түзету лагерін құрған кезбен сәйкес келеді. Қазақтың жартысынан астамын жойған ашаршылық, бетке шығар қаймағын жұтып қойған репрессия, жоғалған жұрттың орнына тоғытылған жатжұрттықтар әлі күнге өз зардабтарын жоймаған екен. Баяғы даладай дархан, асыл текті қазақтың тоз-тозын шығарған саяси жүйенің белгілерінен айрылғысы келмей отырған облыстық басылымның ұстанымы Қазақстанның Тәуелсіздігін аяққа тепкенмен бірдей екенін көзіқарақты оқырман жақсы түсінеді. Төменде Жанар Жахаттың жазбасын қаз-қалпында беріп отырмыз.

Жанар Жахат: Караганда пятая колона?

«Карагандинская областная газета за №27 от 07 марта 2017 года. Мой друг Nurlan Abildin говорит нашел в гараже. Обратите внимание на верхний правый угол, газета выпускается под эгидой знака Ордена Трудового Красного Знамени времен СССР. А где наш казахстанский герб? Это какой-то абсурд, и я не хочу в это верить. Зашла в интернет, в поисковике нашла их сайт. В электронном варианте знака нет, но газета живет и здравствует. Даже у нас в ВКО такое безобразие не допустили бы.
Может я чего-то не знаю, каких-то фактов, может у них особое разрешение и я не права? Тогда объясните мне плиз, насколько оправдано живя в независимом Казаxстане пропагандировать атрибуты коовавого, тоталитарного режима, я постараюсь вас понять?»


«Адырна» ұлттық порталы  

 

Пікірлер