Махаббатта жиі жолы болмайтын 4 зодиак белгісі: себебі, шешімі

6256
Adyrna.kz Telegram

Кез келген адам қарым-қатынаста жетістікке жетуі үшін келесі бір адамның жүрегінің кілтін табуы керек. Алайда, зодиак белгілерінің ішінде осындай жақындыққа ие болуда жиі жолы болмайтын 4 зодиак белгісі бар.  «Адырна» тілшісі осы зодиак белгілерінің махаббатта жетістікке жетудегі қиындықтары мен себебін ашып айтып бермек.

Сарышаян

Сарышаяндар өзінің потенциалды серіктестерін өткір мінезділігімен үркітіп алады. Сарышаяндардың ішкі дүниесінің тұңғиықтығы мен шытырмандығы соншалықты, кейбір бұл белгідегі жандар тіпті өз  мінезін түсіне алмайды.

Ер сарышаяндар да, әйел сарышаяндар да махаббатқа жеңіл қараудан қашқан емес. Бірақ нағыз қарым-қатынас құру үшін оларға өздерінің ішкі жан-дүниесіне сенетін адал және байсалды адам қажет.

Суқұйғыш

Осы белгінің өкілдері үшін өзіңізге сенімді болу және ерекше болу маңызды. Ол экстраваганттықпен сипатталады, яғни сыртқы немесе ішкі дүние. Сыртынан қарасаң суқұйғыштар тым қатал әрі тұйықтау көрінуі мүмкін. Алайда, оларға шынайы ұнай білсеңіз, достық кілтін таба алсаңыз олардың сізге ашылуы оңайға соқпақ.

Алайда, суқұйғышпен достықтан кейінгі қадамға өту – біршама қиындау. Егер онымен шынайы махаббатқа толы қарым-қатынас құрғыңыз келсе, ең алдымен достық этаптан өткеніңіз абзал. Онымен бірдей ойлап, оның қабылдаған шешіміне қолдау білдіріңіз. Өз кезегінде, суқұйғыш өзіне тым сенімділігінің кесірінен ара-қатынас құрған сәтте жеке тәуелсіздігінен айырылатындай сезінеді. Бұл оның басты кемшілігі.

Мерген

Мергендер бостандықты, еркін жүруді сүйетін ерекше зодиак белгісі болып табылады. Олар ақылды, білімді, жан-жақты, бірақ ол осының бәрінің дамуы тек өзінің арқасы деп біледі. Ол біреудің ақыл айтқаны мен тәлімгерлік еткенін ұнатпайды. Алайда мергендер өзгелерге кеңес беруге құмар әрі өзі де тамаша моральизатор.

Мергендер басқалардың сезімдерін сезіну үшін тым сақ болып, көбіне барлығын ақылға салады. Өзіне ұнаған адамның өзінің тік мінезділігіне, ашықтығына оң көзқараспен қарағанын қалайды. Екінші жартысы оның жеке өміріне шектен тыс кірісіп, шектеулер қойғанын қаламайды. Сондықтан олар жеңіл жақындықтағы ара-қатынасты қолдайды. Олар белсенді әрі инициативті жандар. Сондықтан, мерген қыз/ұлды ұнатсаңыз, шешім қабылдаудан қорықпаңыз.

Егіздер

Осы зодиак белгісінің өкілдері үшін шынайы қарым-қатынас құру қиын тақырыптардың бірі, әсіресе, егіз-ерлер үшін. Егіздерге жетуге ұмтылған адамдар осы белгі өкілдерінің ерекше назар бөлгенін қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес, өйткені егіздер барлығының назарында.

Ерекше, жаңа және қызықты дүниелер бұл белгідегі жандарды қызықтыра бастайды. Алайда олар көп нәрседен тез жалыққыш келеді. Сондықтан егіздер басқа нәрсені іздей бастайды. Егіздер бір адамға бауыр басқанын және нақты ұнататынын қарым-қатынас кезінде жиі ұға алмайды. Иә, олармен тез тіл табысу, дос болу оңай бірақ, қарым-қатынаста тұрақтылыққа жету қиын. Олардың артынан жүгіріп, махаббатыңызды толығымен көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені, олар сізді шынында керек адам деп тапса, өздері-ақ инициатива танытады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер