Жаңа iPhone 13 жарыққа шықты (видео)

871

14 қыркүйек күні Apple компаниясы жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан. Смартфондардың диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болады.

- Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді", деді компания өкілі Кайен Дрэнс жаңа өнім туралы.

Оның айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.

Айта кетейік, IPhone 13-тің бағасы 799 доллардан, ал iPhone 13 mini 699 доллардан басталмақшы. Бұл 128 гигабайт жадысы бар iPhone бағасы екен.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар