Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін жерлестері зор құрметпен қарсы алды

1917
Adyrna.kz Telegram

Каратэден XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дархан Асаділов пен Софья Берульцева туған жерге оралды. Шымкент қаласының халықаралық әуежайында жеңімпаз спортшыларды жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ғаламдық бәсекеде жүлдегер атанған спортшыларды әуежайдан қарсы алып, жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтағанын, алдағы дүбірлі додаларда одан да жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі.

Дархан Асаділов – Олимпиада ойындарының қола  жүлдегері

Софья Берульцева - Олимпиада ойындарының қола  жүлдегері

Қала әкімі сайыпқыран спортшыларға  демеуші азаматтардың атынан темір тұлпардың кілтін табыс етті.  Айта кетсек, Токио Олимпиадасында Шымкент қаласынан 10 спортшы бақ сынаған болатын. Каратэ спортынан Дархан Асаділов пен Софья Берульцева жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанды.

 

НАЗКЕН.С

Пікірлер