Қоғамдық көліктің 85%-ы жаңарды

696

Бүгінде Шымкентте қоғамдық көліктер жаңарып келеді. Сондай-ақ көлік қатынасында автобустар паркі мың дана техникаға жетеді. Оның ішінде 600-і жаңа автобус маршруттарға шығарылса, жыл соңына дейін қала тасымалдаушылары тағы 290 дана жаңа автобуспен толығады. Нәтижесінде, қаланың қоғамдық көліктер паркінің жаңаруы 80 пайызды құрамақ.

Жол қозғалысын автоматты режимде реттеу үшін 20 жол қиылыстарына бағдаршамдар орнату, 16 орынға белсенді жаяу жүргіншілер өткелін салу,  және 2500 дана жол белгілерін орнату жұмыстары жоспарланып, іске асырылуда. Бүгінде ол жұмыстардың 80 пайызы атқарылған. Қазіргі таңда шаһарда Жолаушылар тасымалы бойынша 78 маршруттық кесте бекітілген. Оның ішінде 29 маршрут ішкі орамдық қоғамдық көлік қатынасына жатады. Қала бойынша 57 маршрут әлеуметтік мәні бар қатынастар санатына енгізілген
Наурыз Сыдыралиев - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің басшысы

Айтып өтейік, бүгінде шаһарда салынып жатқан жолдар сапаға сай. 65 көше яғни 49 шақырым күрделі жөндеуден өтті.  Бүгінде оның 80%-ы аяқталды. Ал, магистралды 151 көше орташа жөндеуден өтті. Оның ішінде 66-ы көшенің құрылыс аяқталды.

Ержан Жолдасов - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Шымкенттегі  көлік кептелістерін реттеу бағытында да біршама шаруалар атқарылуда.  Байтұрсынов көшесінде көліктер бір бағытта қатынайтын болады. Ал, Рысқұлов көшесі мен  Қонаев даңғылы қиылысындағы жол айрықтың құрылысы аяқталуға жақын.  Қала тұрғындарынің игілігіне жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

 

Айдана Қуанышқызы

Пікірлер
Редакция таңдауы