Өлімнен құтылмайсың қашсаң-дағы!

4334
Adyrna.kz Telegram

Тәртіпті қатты сүйетін, дәстүрді қатаң ұстанатын Ұлыбританияда Королева өлген күні кімнің не істейтіні туралы арнайы жоспар бар. Басты мақсат: сол күні болуы бек мүмкін хаос пен Лондонның аяқ басар жер қалмағанша толып кетуінің алдын алу...

"Лондон көпірі" деген атпен жүзеге асатын бұл жоспар бастан аяқ мұқият ойластырылып қойылған.

Ең алдымен Букингем сарайы Ханшайымның өлімі туралы ақпаратты орда қызметшілері мен Үкімет шенеуніктеріне "Лондо көпірі күйреді" деген сөзбен хабарлайды.

"Д күні" деген шартты атауға ие сол сәтті алғашқылардың бірі боп Ағылшын Үкіметінің басшысы естиді. Ал, сол күннен кейінгі жерлеу рәсіміне дейінгі күндер ретімен "Д+1", "Д+2" болып кете беретін көрінеді.

Сондай-ақ жалпақ жұртшылық Ханшайымның өлімі туралы ақпаратты король сарайының "ресми хабарламасынан" біледі екен.

Қазір ойланып отырмын: ал, бізде ше? Жоғары жақтан біреу ана жаққа аттанып жатса осындай нақты жоспар мен іс-қимылдар тізбесі бар ма? Нақты кімнің қалай қимылдайтыны туралы нұсқау бар ма екен?

Хаостан қашу үшін мен осындай бір бұлжымас құжаттың болғанын қалар едім...

Аман МАМБЕТӘЛІНІҢ

фейсбук  парақшасынан.

Аударған: Алмас АЛТАЙ 

Пікірлер