«Телефонмен ойнауына тыйым салған»: Павлодарлық жасөспірім әкесін пышақтады

5473
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда жасөспірім телефонда ойнауға тыйым салған әкесін пышақтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға Павлодар қаласы тұрғынының пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, пәтерде әкесі мен 14 жастағы кәмелетке толмаған баласы арасында жанжал болған.

– Әкесі баласына телефонда ойнағаны және үйді жөндеуге көмектесуден бас тартқаны үшін ескерту жасаған. Телефонды алып, ер адам үйдің ауласына бет алған, сол кезде жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үй пышағын алып әкесін пышақтаған. Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 11 қылмыс тіркелген.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер