Өзбекстан Ауғанстандағы этникалық өзбектерге алаңдаулы

3431
Adyrna.kz Telegram

Олий мәжіліс Заң шығару палатасының вице-спикері Одилжон Тәжиев «Ауғанстандағы өзбек диаспорасы үшін ауыр күндер басталды» деді, деп хабарлайды "Адырна".

Вице -спикердің Ауғанстандағы соңғы оқиғаларға реакциясы 16 тамызда УзА -да жарияланды.

«Ауғанстандағы өзбек диаспорасы үшін ауыр күндер басталды. Талибан пуштун тайпаларының арасында туылғанын ескерсек, Ауғанстан үшін қазірдің өзінде қиын әрі күрделі мәселе болып келген ішкі этникалық қатынастар одан әрі шиеленісе түседі. Енді Өзбекстан шетелдегі этникалық өзбектердің мүддесі үшін келіссөздерге кірісуі ықтимал», - деді Тәжиев.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда «Талибан елді тез басып алып жатқан кезде біз өз ұстанымымызды сақтап қалғанымыз өте маңызды. Яғни, гуманитарлық көмекпен, босқындарға көмек көрсетумен қатар, біздің қауіпсіздігіміздің күштілігіне көз жеткізуіміз керек ».

«Мен Өзбекстан үкіметі халықаралық құқық нормаларын ұстанатынына сенімдімін», - деді Тәжиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 15 тамызда талибтер Ауғанстан астанасы Кабулды басып алды. Президент Ашраф Ғани елден кетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер