100 жаңа есімнің 1 жаңа есімі – Қуаныш Жұмабекұлы

3297
Adyrna.kz Telegram

Білімі:

1) (2000-2005 жж.) Е.Рахмадиев атындағы 5 жылдық Үржар балалар музыка мектебін «домбыра-тенор» мамандығы бойынша бітірген.

2) 2006 жылы ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылында М.Горький атындағы орта мектепті тәмамдаған.

3) 2006 ж. ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп алған. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы бойынша тағы да грант иегері атанып, 2006 – 2010 жж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған.

4) 2010 ж. Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған.

5) 2010-2012 жж. Қайнар университетін «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша тәмамдаған.

6) 2012-2014 жж. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған.

7) 2016-2018 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

8) «Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD докторы) 2019 ж. Түркияның Өмер Халисдемир университеті «Еуразия зерттеулері» бөлімі.

Диссертация тақырыбы: Қазақ және түрік тілдеріндегі жануарларға қатысты мақал-мәтелдердің салыстырмалы зерттелуі
(Морфологиялық, лексикалық, фонологиялық жүйелеріндегі ұқсастықтары бойынша салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы салыстырмалы-тарихи грамматика негізінде қазақ және түрік тілдерінің грамматикалық құрылымдарының ұқсастықтары зерттелді)
Негізгі ғылыми бағыттары: салыстырмалы-тарихи грамматика, морфология, лексикология, фонология, теолингвистика, түркітану, тіл тарихы, аударматану, шетел тілін оқыту әдістемесі.

Атқарған қызметтері:

1) 2010-2021 жылдары аралығында АҚШ-тың Алматыдағы халықаралық мектебінде, Алматыдағы гимназияларда, университетте қазақ тілі мен қазақ әдебиеті және ағылшын тілі бойынша оқытушы болған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер және «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің Концерттік және гастрольдік қызметті дамыту бөлімінің маманы болған.

3) 2018-2019 жж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанында құрылған Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы.

4) 2018-2019 жж. ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанында құрылған Әдістемелік топтың хатшысы (ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы, 16 ақпан, 2018 жыл, № 59).

5) 2021 жылы ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі болды (ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы, 9 сәуір, 2021 жыл, № 159)

6) Қазіргі таңда «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің Әдебиет бөлімінің басшысы

Марапаттары:

2017 ж. ҚР Президентінің «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.

2018 ж. Білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітап» атты республикалық энциклопедиялық жинағына енгені үшін, білім саласындағы жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Білім берудің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

2018 ж. ШҚО Үржар ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған.

2019 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс хатымен марапатталған.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «БОРАН» десанттық-шабуылдаушы маневрлік тобының 20 жылдығына орай Генерал-Майор Х.И.Беркалиевтен Намыс және Ерлік мерекелік медалімен марапатталған.

2020 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төраға орынбасары – Шекара қызметінің директоры Д.Ділманов тарапынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету ісіне қосқан үлесі үшін Алғыс жарияланған.

2020 жылдың 30 тамызында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Қаратас тарапынан еріктілер жылы аясында, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «SUMMER CAMP – 2020» жастар активінің жазғы мектебіне тәлімгерлік еткені үшін Алғыс хатпен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Ғылым саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтап, Құттықтау хат жолдаған. 12 cәуір, 2021 жыл

Жүлделері мен еңбектері:

1) 2006 ж. Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы IX қалалық байқауының III орын иегері.

2) 2007 ж. Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы X қалалық байқауының II орын иегері.

3) 2007 ж. Павлодар қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арналған Республикалық студенттік жас ақындар мүшайрасының III орын иегері.

4) 2008 ж. Өсемен қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналған Республикалық термешілер сайысының «Арнайы жүлде» иегері.

1) 2014 ж. Түркияның мемлекеттік Хитит университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткен.

2) 2015 ж. Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрген. 3 бөлімнен тұратын кітапта ағылшын тілі грамматикасы қазақ тілінде түсіндірілген және қазақ ертегілері ағылшын тіліне аударылған. Сонымен қатар кітапта американдық ағылшын тілінің сөздігі берілген.

3) 2017 ж. «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ақын Ержан Жұмабекұлының «Шексіздік Шұғыласы» атты кітабын түрік тіліне аударған. Аталмыш кітап Түркия Республикасы «Medeniyetin Burçları» ұйымының қолдауымен «Sonsuzluk Şûlesi» деген атпен Ыстамбұл қаласы «Ezgi» баспасынан жарық көрген.

4) 2019 жылы «Қожалар қазаққа жатады» атты кітабы Алматы қаласындағы «Үш Қиян» баспасында жарық көрген.

5) 2020 жылы «Türkiye Türkçesi ve Kazak Türkçesinde Hayvan Adı İçeren Atasözleri Üzerine Karşılaştırmalı Bir Çalışma» тақырыбындағы докторлық диссертациясы Түркияның жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес үздік деп танылып, түрік ағайындардың қолдауымен Ыстамбұл қаласындағы «Platanus Publishing» баспасынан монография ретінде жарық көрді.

6) ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» жобасының 4.12 тармағына сәйкес жасалған «Кирилл және латын графикаларында теолингвистикалық сөздіктің» жауапты редакторы және авторларының бірі, 2021 жыл

7) Ғылыми мақалалары отандық және шетелдік ғылыми журналдарда жарияланып келеді

Пікірлер