Екі бірдей мектеп директоры бұрын қылмыскер болған

3862
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда екі мектеп директорының бұрын істі болғаны анықталды. Екеуі де жұмыстан шығарылды. Бұл туралы сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы міндетін атқарушы Ардақ Балғожин мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, директордың біреуі Аққұлы ауданында Б.Ухатов атындағы орта мектепті басқарса, екіншісі Қызылтаң аудандағы Тереңкөл мектебіне жетекшілік еткен.

"Бірінші директор ҚазССР Қылмыстық кодексінің 93-бабы ("Жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан қасақана ауыр жарақат салу немесе қылмысты ауырлататын жағдайда жасалған әрекет") бойынша сотталған болатын. Ал екінші мектеп басшысы жемқорық қылмысы үшін істі болған", - деді Балғожин аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Еңбек кодексінің 26-бабы бойынша сотты болған және қылмыстық қудалауда жүрген адамдарды білім беру, кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу мен дамыту ұйымдарына жұмысқа қабылдауға тыйым салынған. Дәл осы бапқа сәйкес, жемқорлық қылмысын жасаған тұлағаларға да ондай мекемелерде қызмет етуге рұқсат етілмейді.

Талдау жұмыстарының нәтижесінде білім басқармасына екі лауазымды тұлғаға қатысты шара қолдануға ұсыныс жасалды. Екеуі де жұмыстан босатылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер