Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен қайнасуы

1944
Adyrna.kz Telegram

Жемқорлық-яғни бұл сатып алу деген мағынаны білдіреді. Бұл мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстың іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік т.б жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғарғы лауазымды мемлеттік қызметкелер жаппай жемқорлыққа салынған жағадайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптастырады.

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттердегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданады. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдар жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.

Жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарын орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.

Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функционалды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ытымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

 

Пікірлер