Коронавирус - Құдайдың жазасы, деген ақпаратты имам жоққа шығарды

5553
Adyrna.kz Telegram

Танымал журналист Динара Сәтжан, Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдиновпен инстаграм желісінде тікелей эфирде сұхбат өткізді. Имам коронавирустың Құдайдың жазасы екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Кейбір адамдар коронавирус - Құдайдың жазасы, оған қарсы тұруға болмайды деп жазуда. Бұл туралы не айтасыз?» - деп сұрады Динара Сәтжан.

«Құранда және хадистерде барлық тұрғыдан:«Өз өздеріңді өлтірмеңдер» делінген. Яғни, қандай да бір қауіпті жағдайда. Хадисте: «емделіңдер» делінген. Біз емделуге, бір нәрсеге қарсы тұруға міндеттіміз. Қандай жағдай болмасын, Құран мен хадисте адамды іс -әрекетке шақырады, бірақ жойқын әрекетке емес. Құранда: «Бір -біріңе жақсылықта көмектесіңдер, күнә мен дұшпандыққа көмектеспеңдер», - деп түсіндірілген.

Оның айтуынша, біз өмір сүргенше мұның бәрі біз үшін берілген белгілі бір сынақ.

«Жаратушы өмір мен өлімді қайсымыздың ісімізде жақсы екенін тексеру үшін жаратты. Яғни, әрекет етуіміз керек. Тіпті жануар да аман қалу үшін қолынан келгенін жасайды. Біз сындарлы жауап беруіміз керек. Бұл жағдайда сауатты тұрғыдай қарау қажет. Исламда жаман белгі жоқ екендігі хадисте анық көрсетілген», - деді Шамиль Аляутдинов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер