Қостанай облысында ШОБ саны артты

1883
Adyrna.kz Telegram

«Коронавирус пандемиясымен байланысты жағдайға қарамастан кәсіпкерлікті дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргіздік. Оған шағын және орта бизнес саласындағы негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика дәлел бола алады. 2021 жылдың 5 айының қорытындысында өңірдегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 пайызға артты», - деді облыс басшысы Орталық коммуникациылар қызметіндегі баспасөз, мәслихатында.

Оның дерегінше, бүгінде өңірде 53,4 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оларда 155,8 мың адам еңбек етеді.

«Пандемияның теріс ықпалына қарамастан ШОБ субъектілері шығарылатын өнім көлемін сақтап қалды. Бұл 2020 жылдың қорытындысында өңірлік жалпы өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 30 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Кәсіпкерлерді қолдау үшін бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, биыл «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасы аясында шамамен 6 млрд теңге бөлінді. Есепті кезеңде 1 002 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 50,7 млрд теңге болатын 304 жоба мақұлданды. 2016 жылда бері «Атамекен Қостанай» өңірлік бағдарламасы аясында 2 млрд теңгеден астам сомаға 379 жобаға қолдау көрсетілді», - деді Архимед Мұхамбетов.

Пікірлер