Жантүршігерлік жол апатынан жас дәрігер қаза тапты

2566
Adyrna.kz Telegram

25 жастағы дәрігер жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 6 тамызда 23.45-те Омбы-Майқапшағай тасжолының 380-шақырымында болған.

"Черноярки аулының маңында Nissan Patrol автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі УАЗ автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан УАЗ көлігінің 25 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Көліктер арнайы тұраққа қойылған. УАЗ автокөлігінде қаза тапқан адам науқасты қарап келе жатқан жас дәрігер болып шықты.

"Дәрігер тілмесі қабынған әйелді ауруханаға жеткізген. Қайтып келе жатқанда амбулатория көлігі джиппен соқтығысқан. Дәрігер жолдан шығып, қарсы келе жатқан көліктің астына түскен. Өте қайғылы оқиға. Ол өте жақсы дәрігер еді", - дейді дәрігерлер.

Дәрігер Мағжан Омаровтың әйелі мен кішкентай баласы қалды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер