7 тамызда 7 спортшымыз олимпиадада бақ сынайды

710

7 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының бес спорт түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтем жасап. 

Ертең балуан Дәулет Ниязбеков жұбаныш жекпе-жектерін өткізеді. Сондай-ақ, каратэші Данияр Юлдашев жарыс жолына шығады.

7 тамыздағы сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер. Финал
03:00. Жанна Мамажанова

Каратэ. Әйелдер, +61 келі. Іріктеу
11:00. Софья Берульцева

Каратэ. Ерлер, +75 келі. Іріктеу
11:00. Данияр Юлдашев

Заманауи бессайыс. Ерлер
11:42. Павел Ильяшенко

Велотрек. Кейрин. Ерлер. Іріктеу
12:48. Сергей Пономарев

Еркін күрес. Ерлер, 65 келі. Жұбаныш жекпе-жегі
15:45. Дәулет Ниязбеков.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Кейін боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов, балуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асәділов те қола жүлде еншілеген.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар