Әр минут сайын 2 науқас ауруханаға түсіп жатыр - басқарма басшысы

2869
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қалада әр минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қазір күнделікті 700 адам ауруханаға жатқызылып жатыр. Науқастар күндіз сағат 1-2, кешкі сағат 8-10 арасында көп түседі. Бұл уақытта сағатына 130 адам ауруханаға келеді. Демек, бір минутта екі науқас ауруханаға жатқызылады", – деді басқарма басшысы.

Қалада 7 625 төсек-орын бар екені белгілі болды. Алайда оның 67%-і науқастарға толы. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 190 адамның жағдайы ауыр. 385 науқас жансақтау бөлімінде.

"Соңғы үш аптада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Оған "дельта" штаммы себеп болып отыр. Ол өте жұқпалы болғандықтан, жағдайы асқынып, көп адам ауруханаға жатуға мәжбүр. Жастардың ауруханаға түсуі жиіледі. 14 жасқа толмаған 200-ден астам бала инфекциялық ауруханада емделіп жатыр", – деді Табынбаев.

Жағдайдың ушығуына байланысты дәрігерлер халыққа вакцина салуға шақырды.

Пікірлер