ДСМ: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар

3157
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді Цой баспасөз мәслихатында.

Ол әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын атап өтті.

Айтуынша, қазіргі таңда 8,6 миллион доза пайдаланылған, оның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егілді. Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 процентін құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған. Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деп толықтырды министр.

Цой қазақстандықтарды тағы бір мәрте вакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер