12 жастағы бала төбелес кезінде көз жұмды

4750
Adyrna.kz Telegram

Теміртауда 12 жастағы бала көшедегі төбелес кезінде көз жұмған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz-ке" сілтеме жасап.

Ол төбелесіп жатқан достарын ажыратпақ болған, сол сәтте бір бала оның басынан ұрған, оқиға болған жерде ол есінен танып қалған. Желіде аталған төбелестің видеосы жарияланды.

«Вега ауданында төбелес салдарынан бала қайтыс болды. Ол төбелеспеген, тек ажыратқысы келген. Тобымыз баланың жақындары мен туыстарына көңіл айтады», - делінген видеожазба хабарламасында.

Полиция қызметінің айтуынша, 24 шілдеде Старогород полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Теміртау қалалық балалар ауруханасында қаланың 12 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Жәбірленуші аулада 13 жастағы баламен жанжалдасқан. Төбелеске ұласқан жанжал кезінде оның басына соққы жасалған.

«Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы («Абайсызда қазаға ұшырату») бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, сот-тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бастығы Рустам Күлкеев.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер