Ауғанстанның Кандагар провинциясының Спин-Болдак ауданында белгісіз адамдар жүзден астам бейбіт тұрғынды өлтірген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tolo News" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ауғанстанның ішкі істер министрлігі (ІІД) мәлімдеген.
"Пенджабтан (Пәкістан) келген басшыларының бұйрығымен қатыгез террористер Спин-Болдактың бір бөлігіндегі жазықсыз ауғандықтардың үйлеріне шабуыл жасап, үйлерді тонап, жүздеген жазықсыз адамдарды өлтірді", - деді ішкі істер министрлігінің өкілі Мирваис Станекзай.
Ауғанстан үкіметі бұл оқиғаға аудандағы билікті басып алған радикалды «Талибан» қозғалысының (Ресейде бұларға тыйым салынған) содырларын кінәләп отыр.
Ауғанстан қорғаныс министрлігінің өкілі Рохулла Ахмадзайдың айтуынша, тәлібтер бірнеше рет жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік мекемелердің үйлерін тонап, қала инфрақұрылымын қиратып, бейбіт тұрғындарды өлтірген.
Ал «Талибан» ұйымының өкілі Забиулла Муджахед үкіметтің бұл қозғалысқа байланысты өздеріне таққан айыбын жоққа шығарды.
Ауғанстандағы жағдай АҚШ пен НАТО елдері 1 мамырда әскери контингентін ресми түрде шығаруды бастағаннан кейін ушығып кетті. Елде «Талибан» күштері күшейе түсті, содырлар аудандарды басып ала бастады.
Муджахед бұл қозғалыс Ауғанстан шекараларының 90 пайызын басып алғанын және ұстап отырғанын мәлімдеді. Бүгінде бұл елмен шектескен Иран, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан шекаралары толық бақылауға алынған.
"Адырна" ұлттық порталы.