Еуропаны басқан топан-су сағат сайын күшейіп жатыр

5123
Adyrna.kz Telegram
Еуропадағы жауын-шашынның күшті болғаны соншалықты, қазір Еуропаның өзге елдері де топан судан қатты зардап шегіп жатыр. Мемлекет арасында қатынайтын пойыздардың бәрі тоқтатылды.
Германияның Бавария қаласында қазір төтенше жағдай жарияланды. Топан судан зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың саны сағат санап артып жатыр. Ал, жергілікті құтқарушылар адамдарды құтқаруға мүмкіндіктері жетпеуде. 
Чехияның солтүстік аймақтарында қазір судың мөлшері метр квадратқа шаққанда  130 литрден келіпті. Ал, Германияда бұл көрсеткіш 140 литрден асып кетті. Сыртқы аймақтармен байланыс үзіліп, Дрезден – Прага темір жолы бүгін жабылды. Саксондық Швейцария мен қазір Чехияның арасында байланыс тоқтатылды.
Еуропа елдерінің ішінде топан судан ең ауыр зарбап шеккен ел - Германия болып тұр. Жергілікті үйлер мен нысандардың аса көп бөлігі зақымдалып, Мозель, Саар және Рур гидроэлектр станциялары істен шықты. Германия қазір сыртқы елдердің көмек күшіне зәру болып отыр.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер