Еуропада Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм жарыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Фильм Франция мен Германия арасындағы мәдени және ақпараттық ынтымақтастық аясында құрылған қоғамдық «Arte France» телеарнасында ақпан айынан бастап көрсетілуде.
Бұл арна 1990 жылы құрылған және Еуропада кеңінен танымал.
Мұхтар Әуезов туралы деректі фильмнің авторы – белгілі журналист Анна Луссуарн.
Оның бастамасымен 2023 жылы түсірілім тобы Қазақстанға арнайы сапар жасап, жазушының туған жері Абай ауданында және Алматыдағы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында зерттеу жүргізген.
Фильмде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, қазақтың кең даласы, ұлттық дәстүрлері мен музыкасы ерекше бейнеленген. Бұл деректі жоба бір ай бойы «Arte France» телеарнасында тұрақты көрсетілмек.