Алматыда Достық даңғылы жабылмақ

4204
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жол жөндеуге байланысты Достық даңғылы 12-25 шілде аралығында жабық болады, деп хабарлайды "Адырна".

"Көшенің бүкіл енінде асфальтбетонды жолды қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты Достық даңғылы бойымен Әл Фараби даңғылынан Оспанов көшесіне дейін 2021 жылдың 12 шілдесінен 25 шілдесіне дейін жүруден бас тартуыңызды сұраймыз", - делінген қалалық мобильділік кеңсесінің хабарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер