Жеңіліп көрмеген: Майамиде қазақстандық боксшы американдықты ұтты

4898
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/izobrazhenie_2021-07-10_114824.png
Қазақстандық боксшы Николай Шваб (6-0, 3 КО) Майамиде (АҚШ, Флорида) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап. Шваб америкалық Рондейл Хаббертпен (13-17-2, 8 КО) рингке шықты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу алты раундқа есептелді және қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Николай Шваб проф-рингтегі жетінші жеңіске жетті, ал Рондейл Хабберт он сегізінші жеңіліске ұшырады. Бұл Шваб үшін 2021 жылғы екінші жекпе-жек болғанын қосамыз - бұған дейін ол мексикалық Карлос Хименеспен (1-1-1, 0 KO) мамыр айында жекпе-жек өткізіп, оны қазылардың бірауыздан келісілген шешімімен жеңіп шыққан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии