Елорда күніне орай Шымкентте модернизациядан өткен 3 кітапхана ашылды

3041
Adyrna.kz Telegram

📚Биыл Шымкентте 10 кітапханаға модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Алғашқы кезеңде 6 кітапхананы, ІІ-кезеңінде 4 кітапхананы тапсыру көзделген.

🔹Бұған дейін І-кезеңге жоспарланған 3 кітапхана ашылған болса, бүгін елорда күніне орай қалған 3 кітапхананың жөндеу жұмыстары бітіп, ел игіліне берілді.

🔹Кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен Book Cafe, Coworking Center, шахмат клубы, Relax room бөлімдері ашылды.

🔹Балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, білімді ұрпақты тәрбиелеуде бір қадам алға басты деуге болады.

🔹Еске сала кетсек, ІІ-кезеңге жоспарланған 4 кітапхананың модернизация жұмыстары күз айларында жүргізілмек.

Пікірлер