Украина Еуроның ширек финалында: Зеленский футболшыларды құттықтады

6986
Adyrna.kz Telegram

Украина футболдағы Еуропа Чемпионатында ең үздік көрсеткішін жалғастыруда. Қосымша уақытта Швецияны жеңгеннен кейін ұлттық құрама бірінші рет ширек финалға шықты. Украиналық футболшылар жеңісті ерекше қуанышпен атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Украина президенті Владимир Зеленский матч алдында ұлттық құрамамен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, украиналықтарға қолдау білдірген болатын.

«Мен жігіттердің шешімді дұрыс қабылдайтындарына сенемін. Біз оларға жанкүйер боламыз және олардың жеңісіне сенеміз», - деп жазды Зеленский Facebook-те.

Матчтан кейін Владимир Зеленский ұлттық құраманың жеңісі туралы айтты.

"Ия, бұл жеңіс! Біз Еуроның 1/4 финалындамыз! Керемет шиеленіс, қосымша минуттағы ғажайып және 121-минуттағы таңқаларлық соққы бізді жеңіске жетеледі. Бұл шындыққа жанаспайтын керемет оқиға болды! Жігіттер, респект, сіздер нағыз жауынгерсіздер! Бесединге - денсаулық тілеймін. Украина алға!", деп жазды Зеленский Twitter-де.

Украина құрамасының экстра-таймындағы жеңіс голына деген жанкүйерлердің реакциясын мына видеодан байқасаңыңыз болады:

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Настоящее Время (@currenttime.tv)

Еске салайық, Еуро-2020 турнирінің 1/4 финалына соңғы ойында Швеция мен Украина командалары ойнады. Матч 2: 1 есебімен Украина командасының пайдасына аяқталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер