Айға қонған робот

2423
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Жапония сіз бен бізді таң қалдырудан шаршаған емес. Жер жүзін өз технологиясымен жаулап алған күншығыс елі өкілдері енді ғарыш кеңістігін бағындыруға ұмтылмақ. Бұл жолғы елді елең еткізген жаңалық айға саяхаттауды жоспарлаған робот туралы болмақ.

JAXA Жапон ғарыш агенттігі Sony компаниясымен және Doshisha, Tomy университеттерімен бірігіп, шар тәріздес роботты құрастыруды бастаған. Жоспар бойынша робот айға 2029 жылы жол тартпақ. Оның басты мақсаты-айдың топырағын зерттеу. Sony компаниясы роботты басқарудың бірнеше тәсілдерін ұсынса, Tomy мен Doshisha компаниялары құырлығың дизайнымен шұғылданбақ.

Робот айға қонған уақытқа дейін шар тәріздес формада болса, қонған сәттен бастап өз формасын өзгертіп айдың бетін, топырағын суретке түсіреді. Жердің табиғи серігін зерттеу мақсатында бұл құрылғы адамзат ғылымына үлкен жаңалық болғалы тұр,-дейді жапон ғарыш агенттігі өкілдері. Алғашқы тәжірибелер іске асқан жағдайда робот тек айға ғана емес өзге де ғаламшарларға сапарға шықпақ. БАҚ хабарлауынша құрылғымен жұмыс 2019 жылдары бастау алған.

Қуандық Көргенов

 

Пікірлер