Алматыдағы Ashyq-пен жұмыс жасайтын мекемелердің тізімі жарияланды

3028
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімдігі Ashyq қосымшасы арқылы кіруді қажет ететін мекемелер тізімін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, мутацияланған штамдардың таралуы салдарынан Алматыда, жалпы республикада эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде.

"Осыған орай, біз тағы да қала тұрғындарына маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керектігін, адамдар көп шоғырланған жерлерге барудан және көпшілік іс-шаралардан аулақ болу керектігін, сондай-ақ COVID-19-қа қарсы вакциналармен емделу керектігін тағы да еске саламыз", дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, департамент Алматыдағы Ashyq арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін ұсынды. Тізімге 2332 кәсіпкерлік субъектілері кіреді, олардың қатарында The Bank Bar, "Пинта", "Ларисс Ивановну хачу", "Достық даңғылындағы Мята", Traveler's coffee, Alberto, Lanzhou, Mamma Mia рестораны және т.б.

Толық тізімді мына жерден табуға болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер