Үндістандағы індет

1958
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

«Мукормикоз». Аузыңмен айтсаң , жүрегіңді дір еткізетін мамырдың жиырмасы күні Үндістанның Дели қаласында тараған тағы бір індет. Мукормикоз – созылмалы ауру түрі , лимфа түйіндерінде , асқазан-ішекте жара түрінде жүреді екен. Мукормикоз - өте сирек кездесетін инфекция. Бұл көбінесе топырақта, өсімдіктерде, көңде және шіріген жемістер мен көкөністерде кездесетін шырышты көгерудің әсерінен болады.

«Бұл барлық жерде кездеседі және топырақ пен ауада, тіпті сау адамдардың мұрындары мен шырыштарында да бар», - дейді доктор Наир.

Айта кететін тағы бір нәрсе бұл да дәл COVID-19 сияқты онкологиямен ауыратын жандарға аса қауіп төндіреді.

Мумбайдың  Сион ауруханасында соңғы екі айда инфекцияның 24 жағдайы тіркелген. Олардың он бірінің көзін алып тастауға тура келді, ал алтауы қайтыс болды. Пациенттердің  көпшілігі - орта жастағы диабетиктер екен.

«Біз мұнда аптасына екі-үш жағдайды көріп жатырмыз. Бұл пандемияның ішіндегі сұмдық», - ,- дейді аурухананың құлақ, мұрын дәрігері Ренука Брэду.

Мөлдір Кусаин

 

 

Пікірлер