4 жасар бала терезеден құлап кетті

2938
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 4 жастағы бала құлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«24 маусым күні кешке Қарағанды қаласының 14-шағынауданында 2-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала құлап түсті. Баланың ата-анасы сол сәтте көрші бөлмеде болған. Бала түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.

Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп мәлім етті.

«Баланың бас миы шайқалып, жамбас буыны шығып, балалар жарақат бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады», - деп түсіндірді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер