Топ-7 SPF кремдер

2498
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Күн сәулесі бізге "Д" витаминін бөліп, жақсы көңіл-күй сыйлауы мүмкін. Бірақ, ультракүлгін сәулелер - қартаю процесін  жылдамдататын басты фактор. Яғни оның әсерінен: бет терісінің ішкі қабатына ультракүлгін сәулелер өтіп, күйік тудыруы мүмкін; теріні ерте зақымдап, әжімдер туғызуы мүмкін; аллергия (қызару, күндік дерматит) туындатуы мүмкін; пигментациялық дақтар, секпілдер пайда болуы мүмкін. Күннің ультракүлгін сәулелерінің себебінен туындайтын бұл белгілердің алдын алатын қорғаныш - SPF (Sun Protection Factor) - күн сәулесінен қорғаушы фактор деп аталады. SPF крем, гель, лосьон, спрей,  және т.б. түрде болады. Егер сіз крем түрін таңдайтын болсаңыз төмендегі топ-7 SPF кремдеріне назар аударыңыз:

  1. HAXLEY STAY SUN SAFE SPF50+ PA+++

Бет теріңізді UVA/UVB сәулелерінен сақтап, өсімдік компоненттерімен ылғалдандырады. Қызаруды басады, антиоксиданттық ылғалдандыру қасиеті бар. Жеңіл текстураға ие. Яғни, жабысқақтық әсер мен ақ дақтар қалдырмайды. Барлық бет тері түріне  арналған.

  1. DEOPROCE HYALURONIC COOLING SUN GEL SPF50+/PA+++

Жеңіл, гелді текстурасы бар. Гиалурондық қышқылдың әсерінен бет терісін тиімді түрде ылғалдандырады. Жабысқақ әсер қалдырмай, жеңіл жағылады. Күн сәулесінен пайда болатын дақ пен тері қартаюының алдын алады. Барлық бет тері түріне  арналған.

  1. COSRX ALOE SOOTHING SPF50 PA+++

Кореялік бренд COSRX - тің Алоэ вера қосылған кремі. Ультра-ылғалдандырғыш, тез сіңу қасиетіне ие. Сонымен бірге жабысқақтық, майлы іздер қалдырмайды. Күн сәулесінің ультракүлгін сәулелерінен сақтайды. Барлық бет тері түріне  арналған.

  1. LAGOM CELLUS SUN GEL SPF 50+ PA+++

Бет терісінде қатты байқалмайды. Терінің тыныс алу бөлігін бітемейді. Ақ дақтар қалдырмай, жақсы ылғандандандырады. Гельді құрамының әсерінен теріні құрғатпай, бет терісінің жұмсақ болуына көмектеседі. Құрамы гипоаллергенді. Тітіркену туғызбайды. Барлық бет тері түріне арналған.

  1. ISEHAN SUNKILLER PERFECT WATER ESSENCE SPF50+

Жеңіл, әрі нәзік құрамы бет терісіне майлы әрі жабысқақ іздер қалдырмай жылдам сіңеді. Құрамындағы С, Е, Р витаминдері гиалурондық қышқылының әсерінен кез келген бет терісін жақсы ылғалдандырады. Құрамында спирт жоқ. Жағымды цитрусты иіске ие. Барлық бет тері түріне арналған.

  1. FRUDIA ULTRA UV SHIELD SUN ESSENCE SPF50+

Жеңіл болуына байланысты бет терісіне тез сіңіп, тегістейді. Құрамында абрикос, манго, макадами мен жүзім майлары болғандықтан, күні бойы бет терісінің құрғап кетуінен ұзақ уақытқа күн сәулесінен сақтайды. Барлық бет тері түріне арналған.

  1. TRUECICA MINERAL 100 CALMING SUN CREAM SPF50

Әртүрлі шөп түрлерінен жасалған. Сезімтал және проблемалы теріге  арналған крем. Тітіркену мен қызаруды басады. Антибактериалды.

Күннен қорғайтын кремді сыртқа шығуға 20-30 минут уақыт қалғанға дейін жағу керек. Сыртта немесе пляжда ұзақ уақыт болуды жоспарласаңыз, кремді әр екі сағат сайын жаңартып тұрған абзал.

Нағима Сахан

 

 

 

 

Пікірлер