Кілттің бірін таңдап, өзіңіз туралы біліңіз (психологиялық тест)

9966

1. Сіз прагматиксіз. Қиялға ерік бермейтін жандардың қатарына кіресіз. Өмірге тура қарайсыз. Барды бар, жоқты жоқ деп қабылдай аласыз. Көпшілік сіздің логикаңызға таңдана қарайды.

2. Егер № 2 кілтті таңдасаңыз, онда сізде өзіне сенімсіз адамның белгілері бар. Батыл шешімдерді қабылдай алмайсыз. Қандай да бір қорытындыға келу үшін міндетті түрде өзгелердің де пікіріне құлақ асқанды дұрыс деп санайсыз. Жиі мақтанасыз.

3. Сіз нағыз консерваторсыз! Кез келген өзгерісті теріс қабылдайсыз. Сенгіш адамдардың санатына кірмейсіз. Сырыңызды тек санаулы адамдарға айта аласыз. Еңбекқорсыз.

4. Төртінші кілтті қияли адамдар таңдайды. Өзіңіздің жеке бір әлеміңіз бар. Оны түсінетін адамдар санаулы ғана. Жақсылық жасағанды жаныңыз сүйеді. Үнемі айналаңызға шуақ шашуға тырысасыз.

5. Ақылды адамсыз. Шулы ортаны емес, жеке уақыт өткізгенді құптайсыз. Ізденімпазсыз. Көп ашулана бермейсіз. Алайда бір ашулансаңыз, басылуыңыз қиын.

6. Бай ішкі әлем және дамыған түйсік — бұл сіздің басты қасиеттеріңіз! Сіз басқа параллель әлемдерге сенесіз, мистикалық нәрселерді жақсы көресіз. Адам тани білесіз. Көздеген мақсатыңызға жету үшін бәріне дайынсыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы