Жетісу өңірі күздік дақылдарды жинауға дайын

1729
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында биыл мал азығының алқаптары өткен жылмен салыстырғанда 7,1 мың гектарға артып, 257,9 мың гектарды құрап отыр. Осы жылы мал азығынан 3,5 млн. тонна шөп, 1,3 млн. тонна шырынды түрлерін, 684 мың тонна жем азығын дайындау жоспарланған.

Бүгінгі күні көп жылдық жылдық дақылдардың алғашқы шабуы, яғни бірінші шөп аяқталып, 418,1 мың тонна шөп, соның ішінде 285,2 мың тонна жоңышқа дайындалды. Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде 771 мың тонна сыйымдылықтағы 265 қамба астық қабылдауға дайын тұр, соның ішінде 2-еуі – 58,6 мың тонналық лицензиясы бар астық қабылдайтын кәсіпорын. Күздік дақылдардың алаңы өткен жылға қарағанда биыл 2,5 мың гектарға ұлғайтылып, 105,9 мың га құрап отыр. Бұл дақылды жинау науқаны 10 шілдеде басталады деп жоспарланған. Күздік дәнді дақылдарды жинауға өңірде 1468 комбайн, 180 мехток, 263 астық тиегіш, 203 дәнатқы, 164 астық тазалағыш машина, 256 автотаразы тартылатын болады.

Пікірлер