Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл автокөлік жол ортасында жанып кетті

526

Сейсенбі таңертең Нұр-Сұлтанда екі жеңіл автокөлік пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтема жасап.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға мәлімдегендей, оқиға Республика мен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында шамамен 06.25-те болды.

20 жастағы «Лада» жүргізушісі Дүкенұлы көшесі жағынан Республика даңғылымен келе жатып, Бөгенбай батыр даңғылымен қиылыста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Салдарынан 60 жастағы жүргізуші басқарған Hyundai Elantra-мен соқтығысты.

Ал Hyundai инерциямен қиылыста тұрған жолаушылар автобусына қарай ұшып кеткен. «Лада» өртеніп кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада» мен Hyundai жүргізушілері жарақат алды. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екеуі де үйіне жіберілді.

Бұл факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото Sputnik Қазақстан сайтынан)

Пікірлер
Редакция таңдауы