Санжар БОҚАЕВ: Мен бұл істі соңына дейін жеткізгім келеді

4856
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан халқы үшін жаңа көлік алу қолжетімсіз болып отыр. Ресейде 1000 тұрғынға шаққанда 11 жаңа автомобильден келсе, Беларуссияда жан басына шаққанда 6 жаңа автомобильден сатылды. Қазақстанда 1000 тұрғынға шаққанда 5 жаңа автомобильге де жетпей отыр.
Жан басына шаққанда неге бізде салыстырмалы түрде табыс әкелетін көлік сатудың әр түрлі статистикасы бар? Жауап қарапайым: біздің елдің нарығында сатылатын автомобильдердің орташа құны Ресей мен Беларуссияға қарағанда әлдеқайда жоғары. Сонымен бірге, біздің өкімет автомобиль өнеркәсібіндегі бағаны бақыламайды, миллиардтаған қаражатты жұмсап, өмірде жоқ локализацияны мақтан тұтады.
Мен өз үндеуімде (Есеп комитетіне, Бас прокуратураға, Қаржы министрлігіне, Қаржы мониторингі агенттігіне) үкімет автоөнеркәсіп үшін бөліп отырған салық жеңілдіктері мен қаражат өз мақсатына жұмсалмағанын дәлелдедім, тіпті керісінше, менің ұсынысым мемлекеттік кірістер басқармасына да теріс әсер етті. Салық төлеуден жалтару мақсатында жалған өндірісті дамыта бастаған лоббист-компанияларға да менің бастамаларым жақсы жаңалық болмады. Оларға кері әсерін тигізді.
Мұндай лоббисттік қадамдар жергілікті автоөнеркәсіпті дамытуға, халықты қолжетімді көлікпен қамтуға мүмкіндік бермейді. Керісінше, ресейлік автомобиль өнеркәсібіне тәуелді етіп, мемлекет қазынасына үлкен шығындар алып келеді.
Өтінішімде мен автокөлік өнеркәсібіндегі салықтар мен орындалмаған міндеттемелерден мемлекетке келтірілген залалды есептеп беруді сұрадым.
Тапсырма өте қарапайым! Мен бюджет қаражатын миллиардтаған қаражатты ұрлауды тоқтатқым келеді (автомобиль өндірісін дамыту үшін алынған қаражаттар). Мен бұл істі соңына дейін жеткізгім келеді.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер