Үндістанда 79 әйел алған адам өмірден өтті

4629
Adyrna.kz Telegram

Үндістанда тұратын әлемдегі ең көп қатын алған, ең үлкен отбасының отағасы Зиона Чана 79 жасқа қарағанда (14.06.2021) дүниеден озды.

Зиона Чананың артында 39 жесірі, 94 баласы және 33 немересі қалды.
Чана жергілікті «ЧАНА ПАВЛ» деп аталатын сектаның көшбасшысы. Діни ағымның негізін Чананың әкесі 1942 жылы құрған екен. Бұл сектаның басты ұстанымдарының бірі – еркектерге мейлінше көп әйел алуға насихаттау. Қазіргі күні оның құрамына 400-дей отбасы кіреді.
Зиона Чана бәтшағар бірінші әйелін 17 жасында алған екен. Бір жылы ол 10 әйелді бірінен соң бірін алып, өзіндік рекордын жасаған. Оның үлкен отбасының барлық мүшелері жүзден астам бөлмесі бар төрт қабатты ғимаратта тұрады.
Чананың отбасын көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер көптеп келеді екен.
Бұрынғы дәуірде арабтар 10-20 әйелге дейін ала беретін болған екен. Оның бір мысалы Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхамедтің 13 әйелі болғандығы...

Досбол ОРАЗҒАЛИҰЛЫ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер