Байсеркеде 3001-бала дүниеге келді

2453
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінде «Бала тууды тіркеу» мемлекеттік қызметі бойынша ағымдағы жылдың басынан 3000 және 3001-ші болып мемлекеттік қызмет алушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Аталған шара 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті мен облыс әкімдігінің арнайы іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.

Ауданымызда 3000 және 3001-ші болып дүниеге келген сәбилердің отбасыларын аудан әкімі аппаратының басшысы Жандосов Азамат Серікұлы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Қазақстан Республикасының  Мәдениет қайраткері, ауданның құрметті азаматы Жабиева Мейрамгүл Түйебайқызы арнайы құттықтап, аудан әкімі атынан алғыс хат табыстап, арнайы сый-сыяпат көрсетті.

Үш мыңыншы  сәбидің әке-шешесі Байсерке ауылының тұрғыны көп балалы отбасы Далжанов Серік пен жұбайы Жолдасбаева Айгерім арнайы үш мыңыншы болып туу туралы куәлік алғанын кездейсоқтық екенін айтып, аудан әкімдігіне алғысын айтты.

Ал үш мың бірінші болып дүниеге келген болашақ ата-анасы Өтеген батыр ауылының тұрғыны Бұжбанов Серік пен жолдасы Дауенова Қалбике жас отбасыларға еліміздің демографиялық жағдайын жақсартуға үлес қосуға шақырып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында сәбилі болған отбасыларды құттықтап, алғысын айтты.

 

 

Пікірлер