Қазақстанда құрғақшылық күтілуде: жайылымдар өртеніп, малға берер тамақ жоқ

3149

Ылғал жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес, Қазақстанның үлкен аумағында маусым айында құрғақшылық күтілуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Осылайша:

Ақмола (Жақсы ауданы),

Ақтөбе (Әйтеке би, Хромтау аудандары),

Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы)

Маңғыстау облыстарында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының Абай облысында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болады деп болжануда.

Бұған дейін БАҚ беттерінде құрғақшылыққа байланысты фермерлер малдарын картонмен тамақтандырғаны туралы видео тарап еді.

Ветеринария дирекциясының мәліметінше, тек қана мамыр айының соңында Маңғыстау облысында 1100 жылқы құрғақшылықтан өлген.

Аймақтарда көптен бері жауын-шашын болған жоқ. Жайылымдар өртеніп жатыр.
Тамақ жоқ.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар