Абаев: Тез танымал болу үшін мемлекетті сынап жатады

2012

Дәурен Абаев Александр Трухачевтің «Ашық диалог» авторлық бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі жылдық президенттік жолындағы маңызды жайттарды атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Абаевтың айтуынша, Президент екі жылдың ішінде “дағдарыс менеджері” рөлін ойдағыдай атқарды.

Тоқаевтың мемлекет басшылығындағы алғашқы екі жылы өте қиын сынақтармен өтті. Оның ең ауыры - коронавирус пандемиясы.

Одан бөлек, елде болған төтенше жағдайлар бар. Олар Арыстағы жарылыс, Қордайдағы оқиға, Мақтааралдағы тасқын су.

Осының барлығын айта келе, екі жыл ішінде президент дағдарыс менеджері рөлін ойдағыдай атқарып келеді.

“Көбіне оған қиын, бірақ батыл шешімдер қабылдауға тура келді, ең қиын сәтте біздің қоғамды біріктіре білді”,- деді Абаев.

Тоқаев президенттігінің тағы бір маңызды ерекшелігі - бұл “халық үніне құлақ асатын мемлекет”.

Абаев бұл уақтылы қабылданған және өте қажет тұжырымдама екенін алға тартты.

Бұл тек қағида немесе идея емес, бұл саясат.

Бұл қабылданған дүние мемлекеттің барлық өзгерістерін жазуға арналған маңызды құрал болуы керек екенін көрсетті.

Оның ішіне азаматтармен байланыс, әлеуметтану, сараптамалық-талдамалық компонент және тағы да басқалар қамтиды.

Мемлекеттік органдардағы, әсіресе Президент Әкімшілігіндегі осы секілді құрамдас бөліктер айтарлықтай күшейіп келеді.

“Біз мемлекет басшысының идеясын түсінуіміз қажет. Тек “халық үніне құлақ асатын мемлекет” әділ мемлекетке айналуға қабілетті, ал әділеттілік - Тоқаевтың сайлау науқанының негізі”, - деді Абаев.

Халық арасында танымал болудың ең оңай жолы - мемлекетке сын айту және пессимизм.

“Инновацияларды жүйелі түрде бағалауға тырысу әлдеқайда қиын. Саясатта еліктеу болмайтынын түсіну керек. Бұл ескірген тәсіл”,- деп түйіндеді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар