Ресей соты американдық Пол Уиланды тыңшылық жасады деп 16 жыл түрмеге жапты

1437
Пол Уилан Ресейдің арнайы қызметінің құпия істерін білу мақсатында тыңшылық әрекеттерімен күдікті болып қолға түскен. Ресей соты АҚШ ФСБ-ның тыңшысы деп айыплатған Пол Уиланға 16 жыл қатаң режимде жаза кесті. Бұл жайында РБК-ның ақпарат қызметі хабарлады.
Сот Уиланға қатысты шешімнің резолютивті бөлігін ғана жариялап отыр. Қалғаны мемлекеттік құпия болып сақталады деді. Бұған дейні 48 жастағы Уилан "BorgWarner" атты автомобиль бөлшектерін шығаратын компанияның қауіпсіздік жөніндегі директоры болып жұмыс істеген. Оның міндетіне Мичиган және бүкіл әлем бойынша "BorgWarner" компаниясының бөлімшелеріндегі қауіпсіздікті бақылау кіреді.
BorgWarner компаниясы Ресеймен де келісім шарттар жасасқан. Уилан 2007 жылдан бастап Ресейде жиі болған. BorgWarner-ге дейін Уилан Kelly Services кадрлар агенттігінде жұмыс істеген. 1994 жылдан бастап теңіз корпусында қызмет еткен. Екі рет (2004 және 2006 жылдары) Иракта болды.
Соңғы жылдары Ресейде АҚШ-тың тыңшылығын атқарып жүр деген күдікпен ұсталып, Ресейдің федеральді сот шешімімен қамауға алынды.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар