Әл-Фараби ауданында аялдамалар жуылды

2368
Adyrna.kz Telegram

Әл-Фараби ауданына қарасты басты көшелерде аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ А.Байтұрсынов, Тәуке хан, Б.Момышұлы және Түркістан көшелеріндегі аялдамаларға ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды.

Аталған жұмыстарға ауданның тазалығына жауапты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ы тарапынан 9 техника, 45 жұмысшы тартылды.

Жалпы Әл-Фараби ауданында 213 аялдама бар. 2020 жылы орталықта орналасқан 70 аялдамада жаңарту жұмыстары жүргізілді. Ал биыл аудан аумағына 10 жаңа аялдама орнатылып, 15-де жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Пікірлер