Жемқорлық? Екі батырдың ескерткішіне миллиард теңге бөлгеніне қоғам белсендісі қарсы

1213

ҚР халқының атынан:

Республика басшылығына!
ҚР Парламент депутаттарының назарына!
БАҚ назарына!

Мұндағы көтерілетін мәселе Баянаулдағы батыр аталарымыз -  салынатын ескерткіш туралы болмақ. Ескерткішті салу керек, бірақ, өңірдің тумасы/тұрғыны ретінде біршама ақпаратқа сүйеніп, соған бөлінген қаржы туралы ой-пікірімді айтпақпын.
Бірінші айтпағым, шығындалуы тиіс 1 млартдан астам теңге бұл тап-таза ысырап. Елге танымал Арман Шораев атты кәсіпкер - қоғам белсендісінің, Астана әкімі Күлгіновтың 92 млрдқа бір көшені жөндеуге бөлген ақшасына 160 шаршы м-ден тұратын 5 мың тұрғын үй, 10 балабақша, 3 мектеп, 2 поликлиника, әрине, барлық коммуникацияларымен, яғни шағын қалашық салуға болатынын есептеген видеосын көбіміз көрдік. «Өзіміздің» Бакауов кезінде 36 мың тұратын батареяларды 336 мыңға сатып алғанын да білеміз.
Бұл да дәл осы жағдайлар сияқты. Кеше ғана Керекуде салынған Абайдың ескерткішіне 55 млн теңге қаражат кетіпті (оның өзінде өз құны осылай ма екен, мұны да бізге әкімдік расшифровкасымен жеткізбейді). Екі батырға 100 млн теңге де кетпес, өйткені астындағы тасы бір, дайындалатын жері бір деген сияқты. Салынатын жері демекші ол саз, тұзды сор сол жерге жобада көрсетілгендей, айналасына ағаштар егу үшін, топырағын ауыстыру қажет. Қаржының көп бөлігі соған кетпекші. Неге ескерткішті Қарағандыға, Жасыбайға өтіп бара жатқандардың да (жазда мыңдаған демалушылар келеді) көруі үшін Баянның кіре беріс жағында орналастырмасқа? Сонда топырақ ауыстыру қажеті де болмаушы еді.
Екіншіден, Баянауылдағы 40 жыл тұрған, тұрғындарға астанадағы бәйтеректей болып кеткен, 2 рет күрделі жөндеуден өткен (соңғысына көп болған жоқ) стелланы басқаға ауыстырмақшы. Бақандай жарты миллиардқа жуық теңгеге?!
Осы уақытта Баянауылдың өзі әлі канализация, оны тазарту жүйесінсіз отыр. Үлкен ауылдың нәжіс сулары көл жаққа ағары белгілі . Соңыра лайланған көлдерге кім барар? Баянның  су жүйесінсіз отырған 9 ауылы бар. Олардың әрқайсысына соны тарту үшін орташа 200 миллион теңге кетеді екен. Біршама ауылдардың арасында 30 жылда бір рет те жол салынбаған. Айта берсе шыға беретіні сөзсіз!
Шектен шығып жатқан инфляцияны қаперге алмай (бұған да биліктің кінәсі жоқ деп кім айтады?), нәтижесінде  пандемия кезінде одан әрмен  табыстары азайып жатқан ауыл жұртына емес, туристік табыс көзін бұғаттауы мүмкін экологияға емес, мәдениетке бөліпті  орасан зор қаржыны. Бірақ осы салада да тиімді пайдалануға боладығой, ақыры бөлінген соң? Қайда, қайда? Бірақ дәл Баянауылда өлкетану музейі неге жоқ? Сосын бұл ауданда басқа да осы салаға қаржы бөлінуі тиіс объектілер жеткілікті болар?
Соңғы 2 абзацта көрсетілген объектердің аз емес бөлігін (аудан тұрғындарымен келісе отыра), осы екі  батырға арналған ескерткішпен қатар салуға болатыны көрініп тұр.
Бірақ Скаков бастаған әкімдік 1,5 миллиард теңгені тек екі батырға бір ескерткіш  және стелланы айырбастауға ғана жұмсайын деп отыр....
Қалайша осылай шешіліп отыр? Әлде жартысына жуық демеушілердің ақшалары (олар көбіне сұраусыз болады), тура сұрағанда, «распилдың» көзі ме?  Тендерден болатын жемқорлықтарды да біздің өңірде ешкім алып тастамаған шығар? Бұны сіздерден сұрап отырмын, Скаков мырза?
Сөз соңында осы 1,5 миллиард ақшаның (бұл біздің, салық төлеушілердің қаржылары. Және демеушілердің де ақшасы, қазақтың байлығы, халықтың жұмыс күші арқылы құралатыны мәлім) қайда кетіп жатқанын  тиынына дейін халық алдында есеп беруіңізді талап етеміз! Өңірдегі депутаттардың да қалай сайланатынын білеміз. Көбіне әкімдіктің қалауымен сайланады. Сондықтан олардың келісуін халықтың келісуі деп есептемейміз, Скаков мырза!
Жалпы, жер-жердегі барлық әкімдер халықтың ақшасын алдағы жылдың бюджетіне қоярдың алдында  барлық республикалық, жергілікті   БАҚтарға жазып, халықтың тікелей талқылауынан тәуелсіз  халық өзі сенетін/сайлайтын эксперттердің сараптамасынан өткізгеннен кейін ғана  қойылу институты қалыптасуы керек. Сонда жемқорлықтың күрт азаюы да сөзсіз.

Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ,

Қоғам белсендісі

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар