ҚР халқының атынан:
Республика басшылығына! ҚР Парламент депутаттарының назарына! БАҚ назарына!
Мұндағы көтерілетін мәселе Баянаулдағы батыр аталарымыз - салынатын ескерткіш туралы болмақ. Ескерткішті салу керек, бірақ, өңірдің тумасы/тұрғыны ретінде біршама ақпаратқа сүйеніп, соған бөлінген қаржы туралы ой-пікірімді айтпақпын. Бірінші айтпағым, шығындалуы тиіс 1 млартдан астам теңге бұл тап-таза ысырап. Елге танымал Арман Шораев атты кәсіпкер - қоғам белсендісінің, Астана әкімі Күлгіновтың 92 млрдқа бір көшені жөндеуге бөлген ақшасына 160 шаршы м-ден тұратын 5 мың тұрғын үй, 10 балабақша, 3 мектеп, 2 поликлиника, әрине, барлық коммуникацияларымен, яғни шағын қалашық салуға болатынын есептеген видеосын көбіміз көрдік. «Өзіміздің» Бакауов кезінде 36 мың тұратын батареяларды 336 мыңға сатып алғанын да білеміз. Бұл да дәл осы жағдайлар сияқты. Кеше ғана Керекуде салынған Абайдың ескерткішіне 55 млн теңге қаражат кетіпті (оның өзінде өз құны осылай ма екен, мұны да бізге әкімдік расшифровкасымен жеткізбейді). Екі батырға 100 млн теңге де кетпес, өйткені астындағы тасы бір, дайындалатын жері бір деген сияқты. Салынатын жері демекші ол саз, тұзды сор сол жерге жобада көрсетілгендей, айналасына ағаштар егу үшін, топырағын ауыстыру қажет. Қаржының көп бөлігі соған кетпекші. Неге ескерткішті Қарағандыға, Жасыбайға өтіп бара жатқандардың да (жазда мыңдаған демалушылар келеді) көруі үшін Баянның кіре беріс жағында орналастырмасқа? Сонда топырақ ауыстыру қажеті де болмаушы еді. Екіншіден, Баянауылдағы 40 жыл тұрған, тұрғындарға астанадағы бәйтеректей болып кеткен, 2 рет күрделі жөндеуден өткен (соңғысына көп болған жоқ) стелланы басқаға ауыстырмақшы. Бақандай жарты миллиардқа жуық теңгеге?! Осы уақытта Баянауылдың өзі әлі канализация, оны тазарту жүйесінсіз отыр. Үлкен ауылдың нәжіс сулары көл жаққа ағары белгілі . Соңыра лайланған көлдерге кім барар? Баянның су жүйесінсіз отырған 9 ауылы бар. Олардың әрқайсысына соны тарту үшін орташа 200 миллионRelated news
Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ,
Қоғам белсендісі
"Адырна" ұлттық порталы