Қырғызстанда жерлеу рәсімдері мен ескерткіш қою тәртібі өзгерді

1051
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан министрлер кабинеті жерлеу рәсімдерін реттейтін жаңа нұсқаулықты бекітті. Бұл құжат зираттардың ұйымдастырылуы мен абаттандырылуын, сондай-ақ қабір үстіне ескерткіш қою талаптарын айқындамақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Бұл нұсқаулықта бірқатар ережелер көрсетілген. 
Ең әуелі, зираттардың құрылымы мен жоспарлануы (секторларға бөлу, кіреберіс жолдар, көгалдандыру, әкімшілік ғимараттар мен қаралы алаңдар салу), зираттарды күтіп-ұстау және абаттандыру, су мен жарықпен қамту, санитарлық жағдайды қамтамасыз ету және зиратқа бару ережелері және азаматтардың міндеттері көрсетілген.

Жаңа құжат бойынша, кез келген азаматқа туған жерінде, қайтыс болған жерде, соңғы тұрған мекенжайы бойынша немесе жақын туыстарының жанына жерленуге тегін жер учаскесі беріледі. Бұл жерден бас тартуға тыйым салынған, ал оның нақты өлшемін жергілікті кеңестер (кенештер) белгілейді. Өз бетінше жерлеу және қайта жерлеу қатаң тыйым салынған.

Жерлеу рәсімдерінде астамшылыққа жол бермеу мақсатында билік қымбат материалдардан жасалған ескерткіштерді қоймауға кеңес береді. Гранит, мәрмәр сияқты бағалы тастардан жасалған ескерткіштерден бас тарту ұсынылған. Қойылатын ескерткіштің биіктігі 70 см-ден аспауы тиіс, ал қоршаулар қарапайым ағаштан немесе арзан материалдардан жасалуы керек.

Ескерткішке аты-жөні, туған және қайтыс болған күні жазылуы тиіс, ал қоғам нормаларына қайшы элементтерді қолдануға тыйым салынады. Сонымен қатар, ескерткіш орнату жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жазбаша хабарлау арқылы ғана жүзеге асады.

Зират аумағы кемінде 1,5 метр биіктіктегі қоршаумен қоршалуы тиіс, ол үшін жергілікті, қолжетімді материалдарды пайдалану ұсынылады.

Жаңа ережелер 2024 жылдың қазан айында қабылданған «Жерлеу және жерлеу ісі туралы» заңды іске асыру жөніндегі президент жарлығына сәйкес әзірленді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер