12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған азамат ақталып шықты

2883
Adyrna.kz Telegram

Ақмолада 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған азаматты алқабилер соты ақтап шықты. Бұл туралы «НеМолчи» қоры жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазбада 2019-2020 жылдары 25-26 жастағы азаматтар 12 жасар қызды зорлап келгені айтылған.

«25 мамырда Көкшетауда айыпталушылардың бірі 20 жылға, екіншісі 21 жылға сотталды. Олардың әрқайсысы жәбірленушіге екі миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ал үшінші айыпталушы алқабилер сотына жүгінемін деген талап қойды. Олар 8 маусымда күдіктіні ақтап шықты. Қыздың анасының айтуынша, алқабилер бастарын төмен салбыратып, ұялып отырған. Ал прокурор айыпталушыны 20 жылға түрмеге жабуды сұраған», - делінген жазбада.

Бұл шешімді Ақмола облыстық қылмыстық істер бойынша аудандық соты түсіндірді.

«Тергеуге сәйкес сотта кәмелетке толмаған баланы зорлады деп айыпталған Ақмола облысы, Целиноград ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қазылар алқасының қатысуымен қаралды. Заңға сәйкес, егер істі алқабилер сотында қаралса, айыпталушылардың кінәсіне немесе кінәсіздігіне қатысты мәселелер, сондай-ақ басқа мәселелер жасырын дауыс беру арқылы шешіледі», - делінген сот хабарламасында.

Жалпы дауыс беруге 10 алқаби мен судья қатысады. Бұл жерде соттың дауысы ескерілмейді. Егер алты адам айыпталушыға шығарылған үкіммен келіспесе, күдікті ақталады.

«Дауыс беру нәтижесінде көпшілік зорлау тұрғысынан да, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау тұрғысынан да күдіктіні ақтауға келісіп, дауыс берді. Қазылар алқасының үкімі негізіндеайыпталушы Қылмыстық кодекстің 4-бөлігінің 120-бабы «Кәмелетке толмағанды ​​зорлау» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға байланысты оқиғаға қатысы болмағаны үшін ақталды», - деп қосты сот өкілдері.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, айыптаушы тарап апелляцияға жүгіне алады.

Еске салсақ, бұған дейін 2020 жылы үш ер азамат 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер