Дамуыңызға кедергі келтіретін басты себеп қандай?

830
фото ашық ақпарат көздерінен алынды
фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Сіз күнделікті үйреншікті іс-қимылды жасайсыз, тіпті, ойыңызды да  өзгерткіңіз келмейді. Сіз өзгеріссіз өзіңізді сенімдірек,ыңғайлы,жайлы сезінесіз. "Жайлы аймақ" туралы естуіңіз бар шығар. "Өмір сен  жайлы аймақта болуды тоқтатқанда ғана басталады" деген екен американдық жазушы Нил Уолш. Дәл осы нәрсе сіздің дамуыңызға басты кедергі, басты жау. Бүгінде бұл терминді көбінесе коуч-тренерлер, бизнес-тренерлер жиі қолданады.

"Жайлы аймақтан шығу" дегеніміз - біз үйренбеген жаңа дағды қалыптастыру, жаңа өзгерістерге бейімделу.

Психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, адам жайлы аймақта болғанда өзін әлдеқайда қауіпсіз сезінеді екен. Мысалы, тек үй шаруасымен айналысатын әйел бір дамудың жолына бет бұра бастаса, тіл үйрене бастаса, өзін кішкене жайсыз сезінуі мүмкін. Ал егер ол күйді жеңе алса, дамуға серпіліс болады. Бұл дамуға серпіліс біреулерге ұнаса, біреулерге ұнамайды. Бірақ үнемі жайлы аймақта өзіңді қауіпсіз сезіну жеке тұлға ретінде дамуыңды тоқтатады.

Жайлы аймақтан шығу арқылы сен көптеген мүмкіндіктерге ие боласың. Мансапта жаңа дәрежелерге қол жеткізесің, жаңа орта қалыптастырасың, толыққанды өмір сүре бастайсың. Жайлы аймақтан шығу арқылы сен өмірдегі басты мақсатыңды айқындай аласың, өзіңе деген сенімділігің артады.

Жайлы аймақтан шығу үшін өзіңе деген көңіліңнің толмауы, бір нәрсе жетпей тұратындай сезімдердің болғаны абзал. Сол сезімдер ғана сені жаңа өзгерістерге, алға жылжуға алып келеді. Ал ол үшін не істеу керек?

Жайлы аймақтан шығу үшін қарапайым ғана кеңес: керек емес заттардан арылыңыз, киілмейтін киімдеріңізді тастаңыз. Үйдегі заттардың орнын ауыстырғанның өзі өзге психологиялық күйге бөлейді. Жайсыз іс -әрекеттерді "жайлы" деп қабылдаңыз. Үнемі тек өзіңіз сияқты ойлайтын емес, басқаша ойлайтын адамдармен де араласып көріңіз. Белгісіздіктен қорықпаңыз. Жаңа дүниелерге қадам басудан қорықпаңыз. Күнделікті  таңғы асыңыздың өзіне өзгеріс енгізіп көріңіз.  Басқа адам сияқтысыз ба? Иә,енді сіз мақсатқа ұмтылуға қорықпайтын басқа адамсыз.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар